Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызды қорғаймын деп комаға түскен: Өлімші етіп сабаған еркек табылды

09:05, 18 наурыз 2025 451

Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасы қонақ үйде болған төбелестен кейін қашып кеткен кінәліні ұстады, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. 

30 жастағы Шүкүров тергеуден жасырынып жүрген.

Осыған байланысты оған Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» және «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша сырттай айып тағылып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.

Ол Қазақстанда ұсталып, қазір Ташкентке экстрадициялау шаралары жүргізіліп жатыр. 

16 наурызға қараған түні The Tower қонақүйінің алдында төбелес болып, Борис Авакян ауыр жарақат алып, комаға түскен. Ол ұсталған ер адамнан қызды қорғамақ болған. Оқиға кезінде тағы бір ер адам мен қыз жарақат алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар