Назарбаев университетінде тағы да дау шықты. Бір жігіт әйелдер дәретханасында қыздарды суретке түсірген, деп жазады Alash.KZ.
Университеттің студенттік чаттарында студент қыздар дәретхана кабиналарында жас жігіттің қыздарды суретке түсіргені туралы айтып жатыр.
Университеттің бір студенттік чатында администратор пост жариялап, онда бір қыз жас жігітке арнап жазған: ол жасаған әрекеті үшін "жоғарыдан" жаза алатынын айтқан.
Бұл жарияланым көп реакция жинаған. Түсініктемелерде студенттер талқылай бастады. Біреу оның университеттен шығарылғанын жазған.
Кейін, әйелдер дәретханасында түсірілім жасаған студент «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 78 640 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.