Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қыз пәтеріне кіріп сексуалдық сипаттағы әрекетер істеген". Алматыда гүл апарған курьерге қатысты сұмдық хабар шықты

18:40, 17 ақпан 2026

Алматыда курьерге қатысты шағым түскеннен кейін полиция оны ұстады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Оқиға 14 ақпанда гүл жеткізу кезінде болған. Жәбірленушінің айтуынша, ол есікті ашып, курьерден гүлді пәтердің бұрышына қоя салуын өтінген.

«Бұл – пәтерімнің ішіндегі небәрі екі қадам жер. Сол сәтте ол маған қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасады. Барлығы бірнеше секундтың ішінде болды. Қаншалықты қорыққанымды сөзбен жеткізу қиын. Өз үйімде өзімді қауіпсіз сезіне алмауым қынжылтады. Неге мен курьерге есік ашудан қорқуым керек?» – деген ол.

Материалға сүйенсек, қыз кейін курьерге полицияға арыз жазатынын хабарлаған. Жауап ретінде дөрекі сөздер естіген. Алайда арада уақыт өткен соң, оның айтуынша, курьер кешірім сұрауға тырысып, болған жайтты «түсінбеушілік» деп түсіндірген.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғағанын мәлімдеді. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілген.

«Қазіргі уақытта арызданушының уәждері мен екінші тараптың түсініктемелері тексеріліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы зерделенуде. Материалдар сотқа жолданды. Қатысушының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар