Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қыз алып қашқан 5 жігіт ісі: Жаңаөзендегі оқиғаның бар шындығы белгілі болды

10:15, 15 сәуір 2026

Маңғыстау облысында қыз алып қашу қылмысына қатысы бар бес адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Alash.kz. 

Сот алқасы жәбірленушіні өз еркінен тыс көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен жігіттердің кінәсін толық дәлелдеді. Соңғы заңнамалық өзгерістерге сәйкес, бұл әрекет ауыр қылмыс санатына жатқызылып, сотталғандардың әрқайсысы үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында орын алған. Түнгі уақытта үйіне бет алған бойжеткенді бейтаныс тұлғалар күштеп көлікке салып әкеткен. Іс сотта адам ұрлау және некеге тұруға мәжбүрлеу баптары бойынша қаралып, шыққан үкім бүгінде заңды күшіне енді.

Еліміздің Қылмыстық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, адамды некеге тұру мақсатында ұрлау қылмысы үшін он жылға дейін жаза қолданылуы мүмкін. Алайда мұндай қатаң санкцияларға қарамастан, республиканың түрлі өңірлерінде ұқсас оқиғалар жиі тіркелуде. Мәселен, биылғы жылдың басында Мұнайлы ауданында екі азамат дәл осындай айыппен сотталса, Тараз бен Шымкент қалаларында да қыз алып қашу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын нақты білдірген болатын. Президент қыз алып қашу үрдісін адам ұрлаумен теңестіріп, бұл әрекетті жабайы қылмыс ретінде бағалады. Ол мұндай заңсыздықтарға қоғамда мүлдем орын болмауы керектігін және кінәлілердің қатаң жазалануы тиіс екенін қадап айтты. Қ

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар