Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қыз әкесінен зорланғанын айтса да анасы сенбеген: Қыздардың көбі қорлықты өз үйінен көрген

14:21, 25 қараша 2024 787

Асаин Байханов өңірде балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің жиілеп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz.

“Майқайыңда бір қыз бала зорлыққа тап болғаны туралы анасына айтқан, бірақ анасы сенбеген. Қыз анасымен және өгей әкесімен бірге тұрған, бұл жағдайды туған әкесіне де айтқан. Екі жыл бұрын ата-анасына айтылған, бірақ екеуі де ешқандай шара қолданбаған, ешқайда жүгінбеген және баланың сөздерін тексермеген. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар болып тұрады. Бізде өз міндеттерін қасақана орындамағаны үшін ата-ана құқықтарынан айыратын мысалдар бар”, – деді Асайн Байханов ОКҚ-да өткен брифингте.

30 жағдайдын 25-і балалардың қауіпсіз деп саналған өз үйлерінде болған.

“Бұл – немқұрайлылық. Сол көршілер қайда қарады, туыстары қайда қарады, сыныптастары, сыныптас қыздары, құрбылары қайда қарады, бұл жағдайға әжелері мен аталары неге назар аудармады? Үш бөлмелі пәтерде зорлық бір бөлмеде болып, сол жерде басқа туыстары отырған жағдайлар да болған. Мұндай жағдай түнде емес, күндіз болған”, – деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі.

Әкім өңірде болып жатқан жағдайлар үшін, тіпті олар үйде орын алса да, өз басшы ретіндегі жауапкершілігін мойындайтынын айтты.

“Тағы бір айтарым, осы оқиғалардың жартысына жуығы 2017, 2018, 2019, 2020 және 2021 жылдары болған. Яғни, бірнеше жыл бұрын. Қазіргі кезде біздің басты мақсатымыз – осындай барлық жағдайды анықтап, балалардың қорықпай сөйлей алуына жағдай жасау және олармен барынша жұмыс жүргізу”, – деді әкім.

Байханов балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесімен тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен бірге қарапайым азаматтар да айналысуы керектігін атап өтті. Ең бастысы, немқұрайлылық болмауы керек екенін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар