Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда тіркелген инфекция туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Мемлекет басшысы метапневмовирус инфекциясына қатысты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барғанда пікір білдірген.
"Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.