НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Қытай Тайваньға қарсы шабуыл жасаған жағдайда, бұл әрекет Ресейді НАТО-ға қарсы қимылдарға итермелеуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
“Егер Қытай Тайваньға қарсы қадам жасайтын болса, онда Қытай өзінен кіші серіктесін, яғни Путин басқарып отырған Ресейді НАТО-ға қарсы әрекет етуге мәжбүрлеуі әбден мүмкін”, — деді Рютте.
Оның айтуынша, Ресейдің НАТО шекаралары маңында тұрақсыздық туғызуға немесе жаңа әскери шиеленіс өршітуге әлеуеті бар.