Шығыс Қазақстан облысындағы «Майқапшағай» кеден бекетінде қосымша жасырын бактарға құйылған шамамен 2,6 мың литр дизель отынын елден заңсыз алып өтпек болған төрт жүк көлігі тоқтатылды, деп жазды Alash.kz.
Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметінше, оқиға 10 шілде күні тіркелген. Кедендік тексеру барысында жүк көліктерінен арнайы жабдықталған қосымша жанармай бактары анықталған.
Жалпы көлемі шамамен 2,6 мың литр дизель отыны тәркіленді. Заң бұзушылыққа жол берген төрт жүргізушінің әрқайсысына 32,4 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, оқиғаға қатысты материалдар құқықтық баға беру үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.