Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қысқы етігімен бетімнен ұрды, үйде қамап ұстады". Асхат Садырбайдың екінші әйелі сұмдық жайтты мәлімдеді

09:53, 25 қаңтар 2025 2084

Тележурналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы Анна Данченкоға сұхбат берді. Сұхбат барысында бұрынғы күйеуінің сұмдық әрекеттерін айтып, халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды  Alash.KZ порталы.

Айғаным Болатқызы Анна Данченкоға берген сұхбатында біраз жайттың басын ашты. Бұрынғы күйеуі Асхат Садырбайдың жанжал кезінде өзін ұрып-cоғып, қол көтергенін мәлімдеді.

"Біз отбасылы болған кезде 2019 жылы жанжал барысында көзімді ұрды. Бірақ қазір ол оны мойындамай отыр. Себебі мен дер кезінде сотқа бармадым. Көзім шығып кете жаздады. Алайда анасы екеуі үйді кілттеп қойып, мені ешқайда жібермей ұстап отырды. Ауруханалар дүйсенбі күні ашылатынын айтып, соған дейін күтуімді сұрады. Жай жұдырықпен ұрған болса екен, ол көзімді өзінің қысқы етігімен ұрды. Көзім қанталап кетті. Екі күн өткен соң өздері ауруханаға апарды. Қатты соққы деп жазып беріп, қалыпқа келуге ұзақ уақыт кетті. Қолымда сол кездегі медициналық сараптама бар. Оның алдында да "мені ұрдың, ажырасамын" деп Меркеде сот сараптамасынан өткенім бар. Бірақ ол кездегі құжаттарды қолыма бермеді, бірақ ол жағдай тіркеліп тұр. Қол көтергені көп емес, бірақ жиі болып тұратын. Мен ұрысты болдырмайын деп далаға шығып кетейін деп есікке жүгіргенім де, етігімен ұрып үлгерді", - деді ол.

Сонымен қатар, Айғаным Болатқызы Асхат Садырбайдың арадағы баланы өзіне алу үшін қайтадан сотқа жүгініп, өзін сотқа беріп жатқанын да баяндады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар