Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қисалаңдап билей берсең "Мәдениет саласының үздігі" атанады екенсің - ЖУРНАЛИСТ

13:46, 23 мамыр 2024 1455

Қоғам белсендісі, журналист Сәуле Әбілдаханқызы "Мәдениет саласының үздігі" атанған Бүркіттің әйелі Аишаның еш лайық емес екенін баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол бұл туралы өз facebook парақшасында жазды.

"Опымай, бізде "тау-тау-тау" деп фонограммамен қазақша үш сөз айтып, тик-ток, инстаграмда қисалаңдап билей берсең "Мәдениет саласының үздігі" атанады екенсің-ау... не дауысы жоқ... күйеуіне "подпевка, подтанцовка" жасағаннан басқа, бір әні бар ма өзі? Естіпеппін...

Өзіміз 20 жастан тек театр, кино, әдебиет, мәдениет саласын шамамыз жеткенше зерттеуге тырыстық, жүздеген мақала жаздық, ондаған, жүздеген бағдарлама түсірдік, магистратураны оқыдық, бір академиялық театрдың тарихын түгендеп магистрлік диссертация жаздық, оны ықшамдап кітап қып шығардық, сол академтеатрға жаңа ғимарат керек деп жиырма жыл қақсап, оған қол жеткіздік...

Жүрген жерімізден тек "уволить!" деген бұйрықтан басқа ештеңеге қол жеткізбей, қолымызды бір сілтеп кете бердік...

Бес тонна бояу мен бес метр кірпік жапсырып алып, "көл-көл-көл" деп әндетіп, іш майымды бүлкілдетіп, тик-токта бөксе биін билеп жүре беруім керек еді...

Aida Balayeva , мынауың Мәдениет саласына үлкен ұят болды... Аишаға қарағанда мен он есе лайықпын ғой, маған берсең, бұлай ұятқа қалмас едің... атаққұмарлықтан немесе іштарлықтан айтып отырған жоқпын, елдегі сендер орнатқан әділетсіз жүйеге күйгендіктен айтып отырмын... атағың болмаса, үйімді жекешелендірмейтін топас заңдарыңа ашынғандықтан айтып отырмын...(( әйтпесе, маған десе аспаннан алтын орден жауса да, миығымнан күліп қойып, "құтты болсын! Жумайсыңдар ма?..." деп отыра берер едім...", - деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар