Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырымды атқылауды Украинаның өзі шешеді – БАҚ

05:21, 06 ақпан 2023 298
 


АҚШ Украинаға көмектің жаңа пакеті шеңберінде 150 шақырымға дейін жететін GLSDB снарядын беретін болып шешті. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.

Құрама Штаттар Қорғаныс министрлігінің өкілі, бригадалық генерал Пэт Райдер Вашингтонда берген брифингінде осылай деді.

Енді АҚШ Украинаға Батыс беріп отырған алысқа атылатын оқ-дәрілердің Қырымдағы нысандарға шабуыл жасауға қолданылуына тыйым салмайтын болып шықты.
 

Құрама Штаттар билігі сапалы әскери көмек ретінде украин тарапына беріліп отырған алысқа атылатын снарядтарды қайда және қалай қолдану мүмкіндігін қарастыру жайын Украинаның өзіне қалдырады, – деді Қорғаныс ведомствосының баспасөз хатшысы Пэт Райдер.

 

Бұдан шығатын қорытынды: АҚШ қажет болған жағдайда украин әскерилерінің аталып отырған қару-жарақпен Ресей армиясының түбектегі позицияларын атқылауларына қарсы емес.

Сондай-ақ АҚШ-тың Украинаға 2,2 млрд долларына кезекті әскери көмек беретіні белгілі болды. Оған HIMARS қондырғысының алысқа атылатын снарядтары, артиллериялық оқ-дәрілер, миналар, танкке қарсы Javelin кешені, HAWK зенит-ракета қондырғысы және басқалар кіреді.

Украина президенті Влдаимир Зеленский бұдан бұрын алысқа атылатын қару-жарақтардың келуі жеделдеген жағдайда Украина Қарулы күштерінің Бахмутты ұстап тұрып қана қалмай, сонымен бірге Донецк және Луганск облыстарының 2014 жылы Ресей басып алған территорияларын азат етуді бастап кететінін мәлімдеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар