Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа қатысты сұмдық хабар тарады

17:42, 29 желтоқсан 2025

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев барлық мемлекеттік марапаттарынан айырылды. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Ресми құжатта бұл шешім 2025 жылғы 3 маусымда Бішкектің Бірінші Май аудандық соты шығарған үкімді орындау мақсатында қабылданғаны көрсетілген. Сондай-ақ Қырғыз Республикасының "Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар және мемлекеттік сыйлықтар туралы" заңының 27-бабының 1, 2 және 4-бөліктеріне, сондай-ақ ел Конституциясының 71-бабына сүйенілген.

Жарлыққа сәйкес, Алмазбек Атамбаев келесі мемлекеттік марапаттарынан айырылды:

  • Қырғыз Республикасының ең жоғары айрықша дәрежесі – "Кыргыз Республикасынын Баатыры" атағы;
  • "Манас" орденінің II дәрежесі;
  • "Данакер" ордені;
  • "Данк" медалі.

Сонымен қатар осы марапаттарды беру туралы бұрын қабылданған президенттік жарлықтардың күші жойылды. Атап айтқанда, 1999, 2007, 2011 және 2017 жылдары қабылданған бірқатар жарлықтар ресми түрде кері қайтарылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар