Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қырғызстандық қыздарды құлдыққа салған” - Шымкентте болған қылмыс туралы сұмдық ақпарат белгілі болды

15:42, 01 қараша 2025 220

Шымкентте Қырғызстаннан келген 16 және 18 жастағы екі қызды күштеп ұстап, ауыр жұмысқа жеккендер ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Белгілі болғандай, Ош облысының тұрғындарын 2024 жылдың наурыз айында таныс әйел “жақсы жұмыс тауып беремін” деп Қазақстанға алып келген. Алайда уәде етілген жұмыс орны орнына қыздар соққыға жығылып, түн ортасына дейін базарда және қоймада ауыр қаптар тасуға мәжбүр болған.

Анасы қыздарымен байланыс орнатқан соң, олардың көмек сұраған хабарламасын алып, дереу омбудсменге жүгінген. Омбудсмен институты Алматыдағы Қырғызстан консулдығы мен қырғыз диаспорасының көмегімен қыздардың орналасқан жерін анықтап, оларды Шымкенттен елге қайтарған.

Қазір бойжеткендер туған жерінде, аналарының жанында. Ал күдіктілердің іс-әрекетіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Қырғызстандық Омбудсмен институтының мәлімдеуінше, жұмыс берушілердің әрекеті адам құқықтарын өрескел бұзып, еңбек құлдығының айқын белгілерін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайлар мигранттардың құқықтық сауатсыздығы мен әлеуметтік қорғалмауы салдарынан жиі орын алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар