Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстанда келесі президент сайлауы өтетін күн жарияланды

13:38, 30 шілде 2026

Қырғызстанда келесі президент сайлауының өтетін күні белгілі болды. Елдегі кезекті президент сайлауы 2027 жылдың 27 қаңтарында өтеді, деп жазады Alash.kz.

Тиісті заңға Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп жазды 24.kg басылымы.

Президент Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының Президентін және Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды.

Жаңа заңға сәйкес, Қырғызстанда сайлау бұрынғыдай жексенбі күні емес, сәрсенбі күні өткізілетін болады.

Құжатта сондай-ақ:

  • Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталатын жылдың қаңтар айының төртінші сәрсенбісінде өтетіні;
  • Жогорку Кенеш депутаттарының кезекті сайлауы қолданыстағы шақырылымның конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталатын айдың сәрсенбі күні өткізілетіні көрсетілген.

Осылайша, Қырғызстандағы келесі президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар