Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстанда депутаттық орындар 1 миллион долларға сатылып келген

15:26, 02 қазан 2025 107

Бұл туралы Қырғызстан президенті «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп жазады Alash.KZ.

«Бұрын депутаттық мандаттар 100 мың, тіпті 1 миллион долларға дейін сатылатын, ал бұл ақша партия басшыларының қалтасына кететін. Енді ондай болмайды. Ақаевтың кезінен бастап кандидаттар 100 мың сом көлемінде жарна төлейтін. Сол уақыттан бері көп жыл өтті», - деді Жапаров.

Садыр Жапаров енді мұндайға тосқауыл қойылады деп отыр. Ол сайлау туралы жаңа заң әділ әрі ашық сайлау өткізуге жағдай жасайтынын мәлімдеді. 

Садыр Жапаровтың айтуынша, республикадағы 30 округтің әрқайсынан 3 депутаттан сайланады. Соның ішінде бір орын гендерлік теңдік талабына сай белгіленген.

Кандидаттарға қойылатын талаптардың бірі – 300 мың сом көлемінде міндетті жарна төлеу.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар