Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстан университетінен қазақ студенттері жаппай оқудан шығарылды

16:30, 01 шілде 2025 573

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде (ҚМУ) тексеріс жүргізді. Оның нәтижесінде 59 шетелдік студент оқудан шығарылды, олардың қатарында 20 қазақстандық бар, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлағандай, ҚМУ-ға ресми түрде тіркелген кейбір шетелдік студенттер іс жүзінде Қырғызстанда болмаған және оқу процесіне қатыспаған.

"Аталған факт бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі ("Қызметтік жалғандық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу және жедел іс-шаралар аясында жүргізілген комиссиялық тексеру жоғарыда аталған заңбұзушылықтарды растады", – деп мәлімдеді Қырғызстанның ҰҚМК өкілдері.

Тексеріс нәтижесінде 59 шетелдік студент оқудан шығарылды:

30-ы – Өзбекстан азаматтары;

20-сы – Қазақстан азаматтары;

9-ы – Ресей Федерациясының азаматтары.

"Қазіргі уақытта Қырғызстанның ҰҚМК аталған заңбұзушылықтарға қатысы бар ҚМУ-дің оқытушы және әкімшілік қызметкерлерін анықтау мақсатында тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жалғастыруда", – делінген комитет хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар