Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстан Қазақстанға нота жолдады

05:44, 16 ақпан 2024 354
Қырғыз депутаты Жанарбек Ақаев жуырда Алматыдағы «Алтын орда» базарында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қысым көрсетіліп жатқаны жөніндегі дабыл қаққан болатын. Енді Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі депутат сауалына жауап берді, деп хабарлайды alash.kz Азаттық радиосына сілтеп.

Мекеме кәсіпкерлерден түскен хатты Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне және Алматы облысы, Қарасай ауданы полициясына жолдаған.
«Жуырда «Алтын орда» базарының басшылығымен кездесу жоспарланып отыр. Қазір қазақ жағы бұл жағдайды тексеріп жатыр. Арызданушыларға құқықтық көмек көрсетіліп жатыр», – деді СІМ өкілі.

Таяуда Жогорку кеңеш депутаты Жанарбек Ақаев Алматыда жұмыс істейтін ондаған қырғыз кәсіпкері өздерінен Ермек Марқабаевқа қарсы жалған мәлімет беруді талап етіп, олардың тауар сақталған контейнерлерін тартып алып жатыр деген шағымын жеткізген.

Былтыр жазда Алматыда қырғыз азаматы, «Алтын орда» базарының директоры Ермек Марқабаев ұсталған. Оған және оққағарына қатысты «қару-жарақ, жарылғыш заттарды заңсыз сақтады» деген айып тағылған.

Ақпан айының басында Қарасай аудандық соты Ермек Марқабаевты 4 жылға бостандығынан айырды. Сотта ол өзіне тағылған айыптардың бәрі жалған деген.

Фото: gov.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар