Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел азаматтарына табиғатты қорғауды сұрап үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
«Қараңыздаршы, біздің табиғат қандай әдемі. Су, тау... Табиғатта демалып болғаннан кейін қоқысты пакеттерге жинап, қаладағы контейнерлерге тастау керек. Табиғатты қорғайық, бір-бірімізді қадағалайық, тәрбиелейік, үлгі болайық. Шетелден ешкім келіп, біз үшін қоқысты жинап бермейді. Бір күнмен ғана өмір сүрмейік», — деді Жапаров.
Үндеу жасағаннан кейін президент өзі қоқыс жинауға білек сыбана кірісіп кетті.
«Егер сіздер қоқыс қалдығын көрсеңіздер, оны жинаңыздаршы», — деп шақырды Жапаров.