Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстан президенті балалар мен әйелдерді өлтіргендерді өлім жазасына кесуді тапсырды

15:41, 01 қазан 2025 123

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әйелдер мен балаларға қарсы жасалған аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын енгізуді қарастыратын заңнамаға түзетулер дайындауды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Аскат Алагозов хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Оның айтуынша, тиісті тапсырманы президент әкімшілігінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Мурат Укушев алған. Ұсынылып отырған өзгерістер кәмелетке толмағандарды зорлау, сондай-ақ әйелдерді зорлап, өлтіру жағдайларына қатысты.

Алагозовтың айтуынша, президент 17 жастағы Айсұлудың резонансты өлімі туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдап, тергеуді жеке бақылауына алған.

Бұл қайғылы оқиға қыркүйектің соңында болған. 27 қыркүйекте Ыстықкөл облысында 17 жастағы Айсулуу есімді қыз жоғалып кеткен. Ол көрші ауылдағы құрбысына бара жатқан. Екі күннен кейін оның денесі Боом шатқалынан табылды. Тергеу деректеріне сәйкес, қылмысқа 41 жастағы Бішкек тұрғыны қатысы бар. Тергеу кезінде ол оқушы қызды ұрлап, зорлап, өлтіргенін мойындаған. Әйелдің денесін Ыстықкөл маңына көміп тастаған соң, күдікті кейін қайта оралып, сүйектерді қазып алып, шатқалға тастап жіберген. Марқұмның туыстары күдіктінің бұған дейін де жыныстық зорлық-зомбылық үшін жауапқа тартылғанын, бірақ жазадан құтылып кеткенін айтады.

Айта кетейік, Қырғызстанда соңғы өлім жазасы 1998 жылы орындалған. 2007 жылы елде өлім жазасы ресми түрде жойылып, 2010 жылы республика Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативті хаттамасын ратификациялап, бұл жаза түрінен толық бас тартқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар