Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қырағы болуы тиіс»: Америка Таяу Шығыстағы өз азаматтарына қатаң ескерту жасады

17:56, 21 қыркүйек 2026

АҚШ билігі Таяу Шығыста жүрген азаматтарына сақтық шараларын күшейтуге кеңес берді, деп хабарлайды Alash.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, бұл ескертуді АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бірқатар елшіліктері таратты. Осындай мәлімдемелер Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Қатар, Ирак, Палестина, Оман, Сауд Арабиясы мен Ливандағы дипломатиялық өкілдіктерде жарияланды.

«Қазіргі уақытта Таяу Шығыста жүрген АҚШ азаматтары барынша қырағы болуы керек және рейстердің тоқтатылуы, әуе кеңістігінің жабылуы мен жол қатынасында кідірістер болуы мүмкін екенін ескеруі тиіс», — делінген АҚШ-тың Ливандағы елшілігінің хабарламасында.

Дипломатиялық өкілдіктердің мұндай сақтық шараларын күшейтуіне Йеменнің солтүстігін бақылауда ұстап отырған «Ансар Алла» қозғалысы мен Сауд Арабиясы арасындағы ахуалдың шиеленісу қаупі себеп болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар