Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қиын-қыстау, қилы заманда»: Осы әнім үшін халықтан кешірім сұраймын - АВТОР

16:08, 11 сәуір 2024 879

«Қиын-қыстау, қилы заманда» деп басталатын «Біз біргеміз» әні үшін автор Сырым Әуезхан халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Alash.kz.

Еліміздегі өңірлерді топан су басқалы бері әлеуметтік желілердегі видеолардың барлығында "Біз біргеміз" әні қосулы тұрады. Халық бұл өлеңнен шаршағанын, және Қазақстанда "түк дайын емес, тек осы өлең ғана бар" деген пікірлерін жаудырта бастады. Құлсары қаласына гуманитарлық көмек апарған Сырым Әуезхан Құлсары халқы да өз реніштерін білдіргенін айтты. 

«Қиын-қыстау, қилы заманда, не болмаған байтақ даламда деп басталатын әннің авторы мен едім. Құлсарыға келгелі ең көп естігенім – осы әнді құрту керек деген сөз. Халықтан кешірім сұраймын. Екіншіден, әннен басқа да себептерді қарастырып көрсеңіздер деген ұсыныс бар. Осы әннің артынан жақсы мағыналы, елге пайдалы, елдің рухын көтеретін ән жазсам ба деген ниет бар. Сондай әншілер болса хабарласыңыздар», - деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар