Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған Қырғызстан азаматы БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, болған оқиғаны баяндап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
– Ұшып келе жатқанда Каспий теңізінің жиегі көрінді. Пилоттар әуежайға жақындауға әрекет қылды. Біраз жетпей қалдық. Қатты соққы болды. Қандай сәтте құтқарушылар келіп қалғанын білмедік, өйткені есімнен танып қалыппын. Белдікті шешіп, суырып алып шықты. Ұшақ аударылып жатыр екен. Қарасам, жарандар тұр. “Кімсіңдер?” деп сұрасақ, “Қазақстан, қазақпыз” деді. Жылап жібердік. Басқа мемлекет пе деп ойладық, – деді Эрлан Жүнісәлиев.