Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

10:41, 07 қазан 2026

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, қызметінен кетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Шешім 7 қазанда өткен отырыс барысында қабылданды. Шенеуніктің өз еркімен орнынан түсу туралы өтініші бір күн бұрын, яғни 6 қазанда тіркелген болатын. Дауыс беру нәтижесінде 130 депутат бұл шешімді қолдап, тек екі адам қалыс қалды.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін Құрылтай спикері Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваға атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, жаңа жауапты қызметте табыс тіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар