Әнші Аша Матай Құрылтайға сайланған депутаттарды құттықтап, желідегі парақшасында бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өз сөзінде ол халық қалаулылары ел игілігіне адал қызмет ететініне сенім білдіріп, берген анттарына адал болуға шақырды.
"Құрметті халайық! Сайлау науқаны өтті. Халық сайлаған Құрылтай депутаттары анықталып, тиісті анттарын қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын. Жаңа сайланған депутаттарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Мемлекетіміздің, халқымыздың игілігіне шын жүректен қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын. Берген анттарыңызға берік болыңыздар! Ақ жол, құрметті депутаттар!", - деді Аша Матай.
Айта кетейік, Аша Матай Құрылтай депутаттығына Қазақстан Халық партиясының атынан кандидат ретінде ұсынылған еді. Алайда сайлау қорытындысы бойынша партия 3,11 пайыз дауыс жинап, бес пайыздық межеден өте алмады.