Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құран ұстап Құлыбаевтың қылмыскер екенін дәлелдей аласыз ба?": Құлыбаев туралы Сарымның пікір (Видео)

10:18, 29 қараша 2024 789

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым AbayLIVE арнасына берген сұхбатында Тимур Құлыбаев туралы айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Саясаттанушының айтуынша, Тимур Құлыбаевты қылмыс жасады деп, іс қозғау қате, дәлелдеу қиын көрінеді. 

"Қолыңызға Құран алып тұрып "Тимур Құлыбаев қылмыскер" деп дәлелдей аласыз ба?" деп, тілшінің өзіне сұрақ қояды депутат. 

Тілші дәлелдей алмайтынын айтады, бірақ Құлыбаев қалай байыды деген сұрақ қояды.  

Сол кезде Айдос Сарым:

"Қазақстанда үш рет капиталдың реализациясы болды, әр алты жыл сайын қайталанды. Бәрі заңмен жасалды. Сіз ананың күйеу баласы екенсің, сотқа барайық деп айта алмайсыз қазір. Өйткені заң мен тәртіп бар. Құлыбаев жерлерін, кейбір активтерін өзі қайтарды. Бұл мәселенің бір шеті ғана. Заң мен тәртіп деп тұрып, заңды аяққа таптап, ұнамаған адамның бәрін түрмеге тықсақ, онда тарихтан қандай сабақ алғанымыз? Қандай қоғам құрамыз? Менің қолымда билік бар, ұнамаған адамның бәрін түрмеге тығамын деу ме?", дейді саясаттанушы. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар