Швецияда атышулы ирактық Салван Момиканы атып кетті, деп жазады Alash.KZ.
Ол Ирактан келген босқын және ел алдында Құран кітабын өртеп, арандату акцияларын іске асыруымен аты шыққан еді.
Салванды Тик-Токта тікелей эфирде отырған сәтінде оққа ұшты.
38 жастағы Момика Седертелье қаласында сот оған үкім шығармас бұрын атып өлтірілді. Ол этникалық немесе ұлттық топқа қарсы қозғау ісі бойынша айыпталған. Бұл туралы Швецияның SVT телеарнасы хабарлады.
Момикадан басқа, осы іспен байланысты тағы бір адам сотталуы тиіс еді. Сот үкімінің жариялануы кейінге қалдырылды, ал екінші айыпталушы әлеуметтік желіде: «Мен келесімін» деп жазды.
Полиция Момиканың өлімін тергеуде (ресми хабарламаларда оның есімі аталмайды). Швед БАҚ-тарының мәліметі бойынша, ол 29 қаңтар кешке қарай TikTok желісінде тікелей эфир жүргізіп жатқан кезде үйінде атып өлтірілген. Қылмыстың кім тарапынан жасалғаны туралы әзірше ешқандай нұсқа ұсынылмаған.
Салван Момика бұрын Швецияда баспана алған болатын. Ол өзін атеист деп атап, исламға қарсы өткір пікірлер айтумен аты белгілі. 2023 жылы ол бірнеше рет Құранды өртеу рәсімін ұйымдастырды, бұл әрекеттер бірқатар мұсылман елдерінің ашуын туғызып, радикалды исламистердің террорлық актілермен қорқытуларына әкелді.
Түркия осы әрекеттерге сілтеме жасап, Швецияның НАТО-ға кіру процесін тоқтатты. Швеция билігі 2023 жылы Момиканы депортациялау туралы шешім қабылдады, бірақ оны орындамады, себебі оның елінде қамауға алынып, адамгершіліксіз қарау қаупі бар екені анықталды.
Момиканың өлімі Швециядағы қауіпсіздік мәселелері мен діни қатынастар туралы талқылауларды оятады. Осы оқиға елдегі "құдайсыздардың" қауіпсіздігі мен діни еркіндік мәселелерін қайтадан көтерді.