Әнші Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовтің қызы оны пышақтап кеткені туралы ақпарат айтты, деп хабарлайды Alash.KZ “DinDinaShow” бағдарамасына сілтеме жасап.
Әнші Құралай Нұрқаділованың концерттің дәл алдында пышақтап кеткенін айтқан.
«Әкесін мен өлтірді деп балалары маған жала жапты. Мерей 11 сынып бітірген кезде де келмеген адамдар. Одан кейін барып анау жақтағы қыз «Мақпалмен өлсем де араласпаймын, Мереймен араласуға болады» деп сұхбат беріп отыр. Мерейдің телефонын Алтынбек Қоразбаев ағадан сұрап алған. Мерейге қоңырау шалып, мазасын ала бастады. Оны маған Мерей айтты. Содан кейін шындықты айтуыма тура келді. Оның қызы маған қиянат жасады. Маған пышақ салды. Маған пышақ салған адам мені керемет қыла ма? Құралай маған пышақ салған. Концерттің алдында Республика сарайының жанында пышақтап кеткен. Ол «Вечерний Алматы» деген газетке шыққан. Нұрқаділовтің қызы деп тұрып шықты», – дейді ол.
Әнші концерттен кейін де келген полицейлерге бұл істі Заманбек Нұрқаділовтің қызы істемеген деп хабарлағанын да жасырмады. Бұған себеп - Заманбек Нұрқаділовтың хаты болған екен.