Мәскеудің Басманный соты Қазақстандағы әуе апатын тергеу үшін құжаттарды тәркілеуге рұқсат берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Мәскеудің Басманный соты Қазақстандағы әуе апатын тергеу барысында көмектесуі мүмкін құжаттарды тәркілеуге рұқсат берді.
Тергеу органдары Ресейдің оңтүстігінде сақталған материалдарға қол жеткізуді көздеп отыр.
Тергеушілер бұл өтінішті қаңтар айында берген, ал прокурор олардың талабын қолдаған.
“Сот барлық дәлелдерді қарастырып, рұқсат берді. Алайда қандай құжаттар туралы сөз болып отырғаны әзірге құпия”, – деп жазады ресейлік басылым.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines-ке тиесілі Embraer 190ұшағы апатқа ұшырады. Ол Бакуден Грозныйға бағыт алған. Бортта 67 адам, оның ішінде экипаж мүшелері болған. Қайғылы оқиғадан 29 жолаушы тірі қалғанымен, барлық қазақстандықтар қаза тапты.