Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құн салығын көбейтсек, қалтада ақша көп болады - Серік Жұманғарин

15:21, 28 қаңтар 2025 1352

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығы өссе, қымбатшылық болмай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Жалпы, Жұманғарин қосымша құн салығы көбейген жағдайда қазақстандықтардың күнде тұтынатын тауарлары 4-6 пайызға қымбаттауы мүмкін деген болжамын айтты.

Инфляция қысқа мерзімде өсіп барып, артынан өз пайдасын тигізеді дейді ол. 

«Реформаның екі жағы бар ғой. Бір жағынан қосымша құн салығын көбейтейік деп жатырмыз. Екінші жағынан, жалақы қорына түсетін салмақ азаяды. Ол ертең айлық өсуіне әкеледі. Қалтаңда қазіргіден де көп ақша қалады деген сөз. Жалақы өседі. Әрбір жанұяның, әрбір адамның дамуына әсер етеді», - деді Жұманғарин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар