Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер, оны жарнамалаған блогерлер жауапқа тартылады

12:55, 05 маусым 2024 562

Мәжіліс лудоманиямен күресуге бағытталған Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев құмар ойындарға қатысты заң жобасын дайындаудың қиынға соққанын, екі жыл талқыға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы екінші оқылымда қаралып, мәжіліс лудоманиямен күресуге бағытталған Заң жобасын мақұлдады. 

Заң жобасының нормаларын Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев баяндады.Ол өз сөзінде заң жобасында көзделген нормаларды, лудоманияның қоғамға тигізер кесірін,құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салу жайын, Мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және бюджеттік ұйымдардың басшыларына бәс тігуге тыйым салынатынын баса айтты. 

Заң жобасында көзделген нормалар:

1. Құмар ойындар мен бәс тігуге қатысты шектеулер:
- Құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған адамдардың тізімі жасалды;
- Құмар ойындарға қатысуға тыйым салудың ең ұзақ мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылды;
- Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген адамдар үшін құмар ойындарға қатысуды шектейтін ережелер енгізілді (шамамен 3,5 миллион адам);
- Мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және бюджеттік ұйымдардың басшыларына (280 мыңға жуық адам) бәс тігуге тыйым салынады;

2. Энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу:
- 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады.

3. Медициналық оңалту:
- Құмар ойындарға тәуелді адамдар үшін медициналық оңалту тәртібі енгізілді.

4. Құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салу:
- Байланыс операторларына құмар ойынның жарнамасы бар хабарламаларды таратуға тыйым салынады;
- Букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасы шектеледі. Блогерлер мен инфлюенсерлерге букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалауға тыйым салынады.
- Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен онлайн-казинолардың интернет-ресурстарына толық тыйым салу.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар