Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлыбаев "құсып" жатыр: Ерлі-зайыпты Тимур мен Динара Құлыбаевалар қайырымдылық жасаудан көш бастады

10:00, 28 қараша 2024 1373

Тимур Құлыбаев жасаған қайырымдылық көмегінің көлемі бойынша бизнесмендер арасында көшбасшы атанды, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Orda.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, World Giving Index рейтингінде Қазақстан 107-орыннан 113-орынға төмендегеніне қарамастан, жеке және қоғамдық бастамалар тұрақты дамуды көрсетіп отыр. 

"Халық" қоры құрылғалы бері Тимур мен Динара Құлыбаевтар 120 әлеуметтік жобаны қолдай отырып, қайырымдылыққа 85 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Олар 2024 жылы Құлсарыдағы су тасқынынан кейін тұрғын үй мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге 31 млрд теңгеден астам қаржы құйды. Астана қаласының әкімдігіне көмекке мұқтаж отбасылар үшін 400 пәтер бөлінді. Бұдан бөлек 2022 жылғы өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауылында жаңа балабақша бой көтерді. Оның құрылысына 1,3 млрд теңге жұмсалды.

2024 жылы ұйым жыл сайынғы қайырымдылық форумында "Қайырымдылық үшін" беделді медаліне ие болды.

Қоғамдық ұйымдар арасында қайырымдылық көмек көлемі бойынша "Қазақстан халқына" қоры көшбасшы атанды. Үш жыл ішінде қор 250 млрд теңгеден астам қаражат жинады. Бұл қаржы апаттардан зардап шеккен отбасыларға баспана салуға, дарынды жастарға және денсаулық сақтауды дамытуға арналған гранттарға бағытталды. 

Қайырымдылықты дамытуда жеке меценаттар Айдын мен Анар Рахымбаевтар маңызды рөл атқарады, олар ауыл оқушыларын қолдайтын қорға 20 млн доллар инвестициялаған.

Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова 22 жыл ішінде әлеуметтік жобаларға 50 млрд теңгеге жуық қаражат бағыттады. Оның ішінде мектептер мен балалар үйлерін салу да бар. Гүлнар Досаева талантты жастарға арналған мәдени бастамалар мен бағдарламаларды белсенді қолдап келеді. Болат Өтемұратов пен оның қайырымдылық қоры денсаулық сақтау саласына, оның ішінде сирек кездесетін аурулары бар науқастарға көмек көрсетуге басымдық береді. Ғалымжан Есенов STEM-білімді дамытып, білім беру гранттары арқылы жас ғалымдарға қолдау көрсетіп отыр. 

2024 жылдың маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елдің жетекші меценаттарын марапаттап, олардың қосқан үлестерін атап өтті. Марапатталғандардың қатарында Тимур Құлыбаев, Болат Өтемұратов, Нұрлан Смағұлов және т.б. болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар