Ауруханаға жатқызылған 7 науқастың жағдайы — орташа ауыр, 3 пациенттікі — тұрақты, - делінген мәліметте.
Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
09:29, 31 мамыр 2025
сурет: ашық дерекөз
2025 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша Құлсарыдағы «Ниет» жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болды. Салдарынан14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп жоқ екені айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.
Бұл туралы Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бастапқы медициналық тексеру мен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда. Қазіргі жағдайда ауыр реанимациялық науқас жоқ.
Зардап шеккендер тиісті медициналық көмекті толықтай қамтылды. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Жылыой аудандық орталық ауруханасына Атыраудан мамандар мен медицина қызметкерлері қосымша көмекке жіберілді, олардың қатарында күйік орталығының дәрігерлері де бар.
Соңғы жаңалықтар
12 алтын, 24 күміс, 48 қола: Қазақстан Азия ойындарын сегізінші орынмен аяқтады
10:42, 04 қазан 2026
“Росгвардияны дамытуға үлес қосқан”. Рамзан Кадыровқа армия генералы атағы берілді
16:57, 03 қазан 2026
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға кезінде аман қалған сарбазға қатысты тың жаңалық шықты
13:28, 03 қазан 2026
Қазақстанда дәрігерлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын күшейту көзделіп отыр
11:57, 03 қазан 2026