Құлсарыда полицей өрт шыққан үйден ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“1 ақпан күні Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Біржан Зинуллин тұрғын үйлерді аралау барысында үйден өрт шыққанын байқап, дереу көмекке барған. Ол түтінге оранған үйден денесі күйік шалған 70 жастағы ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, бірден өртті сөндіруге кірісті. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің шығуына темекі тұқылы себеп болған. Денесін күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді”,- делінген хабарламада.