Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлсарыдан Маңғыстау облысына 15 000-ға жуық адам көшірілді. Көш үстінде бір бала дүниеге келді

15:53, 06 сәуір 2024 400

Құлсары қаласы тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Осы сағаттарда Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 000-ға жуық адам, оның ішінде 5500-ге жуық бала эвакуацияланды. 21 уақытша орналастыру пункттеріне 1641 адам, оның ішінде 741 бала эвакуацияланды. 12000-нан астам адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Маңғыстау облысы ТЖД және ЖАО күштерімен сыйымдылығы 83000-нан астам адамды құрайтын 201 халықты уақытша орналастыру пункттерін дайындаған.

Айта кетейік, Құлсары тұрғыны Маңғыстауға бет түзеген көш үстінде босанды. Әйелді акушер Гүлзада Қожаниязова босандырған. 

Сенбі күні, таңертең, 1980 жылы туған әйел жүктіліктің 39-40 аптасында жедел жәрдем көлігінде босанды, ол Құлсарадан Маңғыстауға жеткізілді. Бала 3 кг 150 г салмақпен дүниеге келді, - деп хабарлады Бейнеу аудандық ауруханасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар