Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Құлдықтан басқа ештеңе емес». Қандастар мәселесі көтеріліп, ресейлік блогерге азаматтық беру әрекеті қызу талқыға түсті

19:10, 04 шілде 2026

Әлеуметтік желіде қазақстандық белсенділердің бірі Қазақстан азаматтығын алған Ресей азаматына қатысты пікір білдіріп, бұл жағдайдың заңдылығын тексеруді талап етті, деп жазады  Alash.kz.

Белсендінің айтуынша, шетелден тарихи Отанына оралған қандастардың өзі ұзақ жылдар бойы азаматтық ала алмай жүргенде, Қазақстанға жуырда келген өзге ел азаматтарының қысқа мерзімде азаматтық алуы қоғамда сұрақ туғызады.

«Қандастар азаматтық ала алмай қан қақсап жүргенде, қаңғып келген орысқа бір-екі ауыз қазақша сөйлегені үшін азаматтық бере салу – құлдықтан басқа ештеңе емес. Құл боп келген, құл боп қалды, кімнің ісі болса да», – деп жазды Есбол Нұрахмет.

Бұған дейін тағы бір қоғам белсендісі де осы мәселеге назар аударып, Ресейден келген азаматқа Қазақстан азаматтығының қандай негізде және қандай тәртіппен берілгенін құзырлы органдардың тексеруін сұраған болатын.

Қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты мемлекеттік органдар ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар