Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құлдықта ұстап, өлтіріп, ағзасын алып сатқан". Беларусьтегі "Голос" байқауының бұрынғы қатысушысы жайлы сұмдық дерек айтылды

16:46, 16 қазан 2025 236

Беларусьтегі "Голос" байқауының бұрынғы қатысушысы Мьянмада құлдыққа түсіп, ағзасы сатылған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Минск тұрғыны Таиландта модель болып жұмыс істеу туралы хабарландыруды көргеннен кейін Бангкокқа барған. Бірақ ол жерден оны Мьянмаға құлдыққа сатып жіберген.

26 жастағы Вера К танысу сайттарында ерлерден ақша бопсалауға мәжбүр болды.

 

Еске сала кетейік, қазанда Вера хабарсыз кеткен. Көп кешікпей белгісіз біреулер оның мүшелеріне сатылып, денесі өртеліп кеткенін айтып, отбасына хабарласқан.

Беларусь сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі қызды іздеуге көмектесіп жатқанын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар