Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құлағын бұрап, шашынан тартып, иығынан ұрған". Алматы облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны соқты деп айыпталды

11:22, 06 желтоқсан 2025

Алматы облысындағы мұғалімнің оқушыны соққыға жыққан видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Алматы облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны шашынан сүйреп, иығынан ұрды деген дерек бойынша жұмыстан шығарылды. Оқиғаға қатысты бейнежазба сыныптастарының түсірілімінен кейін әлеуметтік желіге таралған.

Оқиға Қарасай ауданы, Қолашы ауылындағы мектепте болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, мұғалім алдымен оқушыны сынып алдында сөккен, кейін құлағын бұрап, шашынан тартып, жұдырықпен иығынан ұрған.

Зардап шеккен баланың ата-анасы полицияға шағым түсірді. Мұғалім кінәсін мойындап, жазбаша түсініктеме берген. Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар