Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құдалары Англияда тұрса да, өз дәстүрін, тегін ұмытпапты дейді. Өздері Қазақстанда тұрып ана тілін қолданбайды". Жәкішевтің жазбасы сынға қалды

10:25, 09 маусым 2026

Журналист, қоғам белсендісі Мәди Құрбантегі қоғамда қызу талқыланып жатқан құдалық мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Ол өзінің жазбасында Мұхтар Жәкішевтің қызының шетел азаматына тұрмысқа шығуына емес, тіл мәселесіне назар аударғанын айтты.

«Жәкішевтың жазбасын оқыдым. Кіммен құда болса да, өзі біледі. Менің айтпағым басқа. Ол “қызым кішкентай кезінен жат тілді ортаға түсті” деп жазыпты. Егер Қазақстанда қалып, Англияға кетпегенде қазақ тілінде тәрбиеленер ме еді, әлде орыс тілінде ме? Егер орыс тілінде тәрбиеленсе, онда ол да өз алдына жат тіл емес пе?» – деп жазды ол.

Мәди Құрбантегінің пікірінше, бірнеше буын бойы United Kingdomда өмір сүрсе де өз тілі мен дәстүрін сақтап қалған нигериялық отбасының тәжірибесі назар аударуға тұрарлық.

«Құдаларыммен мақтанамын. Әулеті жетпіс жылдан астам уақыт Англияда тұрса да, өз дәстүрін сақтап қалыпты, тегін ұмытпапты» деген сөздерге тоқталған ол, Қазақстанда тұрып ана тілін қолданбайтын азаматтар да осы мәселеге ой жүгіртуі керек деген пікір білдірді.

Жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, тіл, ұлттық болмыс және тәрбие тақырыбындағы пікірталасқа ұласты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар