Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құдағиым білмеймін дейді": марқұм Айзаттың анасы құдаларының шындықты жасырып отырғанын айтып, жылап қалды (ВИДЕО)

21:52, 23 шілде 2025

Марқұм Айзат Жұманованың өліміне қатысты анасы Салтанат Жұманова да пікір білдірді. Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұқбатында айтты, деп жазады Alash.kz.

Сұқбат барысында журналист Руслан Өтепбай: "Әлеуметтік желіде қызыңызды аттың құйрығына байлап өлтірді деген әңгіме тарады. Бұл рас па?" – деп сұрады.

"Мен оны нақты білмеймін. Оны нақты көрген адам жоқ. Кім шынын айтады? Біз олай айтқан себебіміз – қызымның екі қолы, екі тізесі, саусақтары жара-жара боп кеткен. Осыған қарап отырып біз жаңағыдай пайым жасадық. Анық-қанығына жете алмай отырмын ғой. Құдағи ештеңе демейді, айтпайды. Сұрасам "білмейміз" дейді", – деді Салтанат Жұманова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар