Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қуатты соғыс қимылдары басталады»: Трамп әлем елдеріне қатаң ескерту жасады

10:02, 09 сәуір 2026

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы уағдаластықтар орындалмаса, әскери іс-қимылдардың жаңа әрі бұрынғыдан да қуатты кезеңі басталатынын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz. 

Ақ үй басшысының айтуынша, қазіргі уақытша бітім келіссөздердің нәтижесіне тікелей байланысты. Ол аймақтағы АҚШ қарулы күштері, соның ішінде әскери кемелер мен авиация, қол жеткізілген келісімдер толық орындалғанға дейін Иран шекарасына жақын маңдағы позицияларын сақтап қалатынын қадап айтты.

Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Тегеранға бағытталған қатаң ескерту жасап, Вашингтонның әскери әлеуеті кез келген сәтте іске қосылуға дайын екенін жеткізді. Президенттің пайымдауынша, дипломатиялық жолдың нәтиже бермеуі Иран үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл мәлімдеме Таяу Шығыстағы жағдайдың әлі де тұрақсыз екенін және кез келген сәтте шиеленісе түсуі мүмкін екенін көрсетеді.

АҚШ Президенті өз жазбасында әскери шаралардың ауқымы туралы былай деп жазды:

«Егер қандай да бір себептермен бұл жүзеге аспаса (бұл екіталай жағдай), онда бұрын-соңды болмаған ауқымды, жетілдірілген және қуатты соғыс қимылдары басталады».

Осылайша, Вашингтон келіссөздер үдерісін күш көрсету саясатымен қатар жүргізіп отыр. Трамптың айтуынша, американдық әскери контингент келісімнің шарттары мүлтіксіз орындалғанша аймақтан кетпейді. Бұл қадам Тегеранға қысым көрсетудің және Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі ретінде қарастырылуда. Қазіргі таңда халықаралық қауымдастық екі апталық бітімнің тұрақты бейбітшілікке ұласу мүмкіндігін жіті бақылап отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар