Қазақстан тарихында алғаш рет вольфрам өндірісі іске қосылды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"2024 жылдың 1 қарашасында Алматы облысында вольфрамды қайта өңдеу бойынша Қазақстандағы алғашқы зауыттың ашылуы болды. Бұл отандық тау-кен өндірісі үшін тарихи оқиға, ол еліміздің әлемдік сирек металдар нарығындағы позициясын нығайтады. Жобаның құны 300 млн долларды құрайды және халықаралық экологиялық және өндірістік стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылды. Зауыт жергілікті мамандар үшін 1000-ға дейін жұмыс орнын қамтамасыз етеді және жобалық қуатына шыққанда жылына 3,3 млн тонна руды қайта өңдеп, вольфрам концентратының 65% үлесін шығарады", - делінген хабарламада.