Отандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Boxingscene.com тілшісі Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең мықты боксшыларының тізімін жасады.
Бұл тізімге WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) да кірді. Ол 20-орында тұр. P4P-рейтингінің көшбасшысы ретінде Эдвардс америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфордты (41-0, 31 КО) таңдаған.
Сонымен қатар үздік бестікке украиналық Александр Усик (23-0, 14 КО), жапон Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО) мен ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) және Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) кірді. Ал әлемдік бокстың бет-бейнесі саналатын мексикалық Сауль Альварестің (62-2-2, 39 КО) рейтингіде 8-орында тұрғаны айтылған.