Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты хабар: Дастан Сәтпаев әйгілі Англия Чемпионшипінде үздік ойыншы атанды

09:20, 03 қыркүйек 2026

Қазақстандық 18 жастағы шабуылшы, ел мақтанышы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипінде шеберлігін шыңдап келеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Дарынды футболшы 1:1 есебімен тең аяқталған «Бернли» – «Мидлсбро» кездесуінің қорытындысы бойынша матчтың ең үздік ойыншысы марапатын иеленді.

Алаңда 81 минут өнер көрсеткен қазақстандық шабуылшы қарсылас қақпасына екі рет дәл соққы бағыттап, пастарының 94 пайызын көздеген жеріне дәл жеткізді.

Бұл – жас шабуылшының ағылшын клубының сабына ауысқалы бері алған алғашқы жеке марапаты.

Еске салсақ, бұған дейін ағылшын клубы дәл осы матчтың ресми афишасына қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың суретін орналастырған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар