Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты жаңалық: Талапкердің 80%-ға жуығы қазақ тілінде тапсырды

19:45, 05 шілде 2024 529

Ұлттық біріңғау тестілеуі басталғаннан бері 315 мың рет тапсырылды. Оның 77 пайызы қазақ тілінде, 23 пайызы орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тапсырған. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Шекті баллды талапкерлердің 78 пайызы жинаса, орташа балл – 70. Ең жоғары балл (140) Алматы облысынан Жаннұр Еңсебек, 139 балдан Шығыс Қазақстан облысынан Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысынан Нұрболат Жұбатқан жинады. Тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 639 талапкер қатысты.

Тыйым салынған заттарды алып жүруге байланысты 596 заң бұзушылық анықталды. 375 талапкер тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды. Бейне жазбаларды талдау 2024 жылдың 31 қазанына дейін жалғасады, бұзушылықтар нәтижелерді жоюға әкеледі.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар