Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“ҚР азаматтарын эвакуациялауға жәрдем көрсету”: Ермек Көшербаев Израиль Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

09:19, 10 наурыз 2026

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Alash.kz. 

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуалды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.

Сұхбат барысында Е.Көшербаев израильдік әріптесіне Израильде жүрген ҚР азаматтарын эвакуациялауға жәрдем көрсету туралы өтініш білдіріп, бұл мәселе еліміз үшін басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Г.Саар Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешуге бар күш-жігерін салатынын жеткізіп, бұл мәселені өзінің жеке бақылауына алатынына сендірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар