Ақмола облысының полицейлері әскерге бару арқылы есірткі қылмысы үшін қылмыстық қудалаудан қашпақ болған 19 жастағы Қостанай облысының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Осыдан бірнеше ай бұрын полиция қызметкерлері Көкшетауда екі жасты ұстап, олардан 20 грамнан астам психотроптық зат тәркіледі. Ұсталғаннан кейін полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.
Алайда күдіктілер сот-химиялық сараптама қорытындысы шыққанша тұрғылықты жерінде босатылды.
Мәліметтерге сенсек, күдіктілердің бірі - Көкшетау қаласының тұрғыны, екіншісі – көршілес Қостанай облысының азаматы. Сараптама қорытындысы тыйым салынған заттардың барын растаған кезде полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Алайда жедел уәкілдер Қостанай облысына екінші күдіктіні ұстауға барғанда оның әскерге кеткенін білген.
26 тамызда Көкшетау қаласы ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 5510 әскери бөлімінің әскери полиция бөлімімен бірлесіп, кезекшілікте жүрген жас жігітті ұстады. Енді ол өз әрекеті үшін заң алдында жауап беруі керек және сот аяқталмайынша ол әскерде қызмет ете алмайды. Жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қостанайлық жігіт қылмыстық жауаптан құтылу үшін әскерге барған
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026