Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанайдағы жабайылық: Студенттерді емтиханнан кейін бірден әскерге алып кетті (ВИДЕО)

14:34, 17 маусым 2025 220

Қостанайда студенттерді емтиханнан кейін бірден әскери бөлімге алып кетті, деп хабарлайды ALASH.kz.

Қостанайдағы колледждердің бірінде емтиханнан шыққан студенттерді әскери бөлім қызметкерлері бірден алып кеткен, деп хабарлайды Taspa News.

Куәгерлердің айтуынша, әскери қызметкерлер колледжге студенттермен әңгімелесу мақсатында келген. Алайда емтихан сессиясы аяқталған соң бірнеше жігітті әскери бөлімге алып кеткен.

Әскери бөлім өкілдері бұл жағдайдың әскерге шақырумен байланысты емес екенін айтады.

Оқиға ата-аналар арасында алаңдаушылық тудырды. Бір ана баласының – жалғыз ұлы екенін, заң бойынша студенттер 30 маусымға дейін оқушы мәртебесін сақтайтынын және осы күнге дейін оқу орнында болуға құқығы бар екенін айтып, наразы болды.

Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан ешқандай түсініктеме берілген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар