Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қоштасу қандай қиын". Әнші Меруерт Түсіпбаева халқына қаралы хабар естіртті

19:51, 20 қараша 2025 475

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші, актриса Меруерт Түсіпбаеваның әкесі дүние салды, деп хабарлайды Alash.kz порталы.

Қаралы хабарды әнші өз парақшасына жазып, әкесі Балғабай Түсіпбаевтың 88 жасында өмірден өткенін жеткізді: 

«Әкем фәни жалғаннан озды. Әдетте, «88 жас деген той ғой» деп жұбатады жақындар, осы сөздермен келісіп тұрсаң да, қоштасу қандай қиын.  Әкем мені  төрт қызының ішінен бөліп, ерекше жақсы көрді», - деп жазған әнші жеке парақшасына.

Балғабай Түсіпбаев Баянауыл өңірінде ғұмыр кешкен, белгілі өнер иесі болған. Ол баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар