Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорғаныс министрінің әйелі бір топ сарбазды жинап клип түсірген (ВИДЕО)

16:27, 10 қазан 2024 979

Күні кеше Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғұлин министр Руслан Жақсылықов пен әйелінің фотоссесиясына қатысты түсініктеме берген еді. Бұл туралы тың ақпаратты Азаттық рухы порталы зерттеп білді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Руслан Жанғұлиннің айтуынша, Қазақстанда кез келген адам фотосессия жасай алады. Әйелінің киіміндегі көп медаль туралы айта келе ресми өкілі «министрдің зайыбы да әскери қызметкер. Ол ұзақ жылдан бері Ұлттық ұланның ән мен би ансамблінде қызмет етеді. Кеудесіндегі медальдар мерейтойлық медальдар» деген еді.

Бұл тақырыпты қаза келе редакция өте қызық ақпаратқа тап болды: қорғаныс министрінің қазіргі әйелі осыдан сегіз жыл бұрын жеке клип түсірген әнші болып шықты. Ең қызығы және маңыздысы - ол клипіне Ұлттық ұланның әскери тікұшағын, бәлкім актер болуы да мүмкін, бірақ, өте көп сарбазды, Ұлттық ұланның ірі-ірі әскери техникасын, оның туын пайдаланған.

Клиптің сюжеті бойынша, қорғаныс министрінің әйеліне жас сарбаз ғашық болады. 

Енді ресми мәліметтерді салыстырсақ: қазіргі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 2014 жылы сәуірде генерал-лейтенант атағын алып, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы міндетіне кіріседі.

Ал, оның қазіргі әйелінің Ұлттық Ұланның әскери техникасын пайдалана отырып түсірген клипі 2015 жылы 17 желтоқсан күні ресми жарыққа шығады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар