Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорғаныс министрі қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

18:17, 29 қазан 2026
 

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов әр жылдары әскерде қаза тапқан және ауыр жарақат алған сарбаздардың туыстарымен кездесті. Алайда нақты қанша ата-ананың қатысқаны, қандай мәселе көтерілгені туралы ақпарат жоқ, деп жазады Alash.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге Бас әскери прокурор мен Ұлттық ұлан өкілдері де қатысқан.

«Қорғаныс министрлігі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайды. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап беріледі», – деген қорғаныс министрі.

2026 жылдың 24 қыркүйегінде Каспий теңізінде оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге ағыс алып кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14-і қаза тапты. Іздеу-құтқару операциясы 25 қыркүйекте аяқталды.

Содан кейін 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 

Осы жағдайдан кейін президент қысқа мерзімде заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан озық армия құру туралы айтты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар